КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА ЖЫНЫС МҮШЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕ МЕ? РЕСМИ ЖАУАП

Уақыты: 07.03.2021
Оқылды: 1067
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирус вакцинасының белсіздікке ұшырататыны туралы әңгіменің негізсіз екенін айтты. Бұл туралы "Жетісу" газеті коронавирус туралы ресми сайтқа сілтеме жасап хабарлады.

«Кез келген вакцина қолданысқа енгізілмей тұрып, терең зерттеледі. Мәселен, Спутник V вакцинасы қазақстандық екпе секілді репродуктивті функцияға еш әсер етпейді. Егер QazCovid-in вакцинасы туралы айтар болсақ, жалпы мұндай вакцинаның бәрі де 80 жылдан бері пайдаланылып келеді. Осылайша, тұмау немесе басқа да ауруларға қарсы вакциналар белгілі бір дәрежеде жыныстық функцияға әсер етуі мүмкін. Бірақ олар да, коронавирусқа қарсы вакцина да белсіздікке ұшыратпайды», - деді Ләззат Ералиева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін елде наурыздан бастап вакцинацияға арналған қосымша екпе кабинеттері ашылатыны хабарланған болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"