АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ДЕМАЛЫСТА 38 АДАМ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 09.03.2021
Оқылды: 670
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында дәл мереке күні, яғни, 8 наурызда 38 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қауіпті індет жайлы ақпарат ұсынатын ресми сайт мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстан бойынша 571 адам ковид жұқтырған. Ал өкпе қабынуы диагнозымен төрт жағдай тіркелді. Оның ішінде, екі адам пневмониядан қайтыс болған. Жалпы, Қазақстан бойынша ковидпен ауырғандар саны 219 мыңнан асып түсті.

Алматы облысында бір жылдан бері 11 294 адам коронавирусқа шалдықты. Оның 10 189-ы аурудан құлан-таза айыққан. Облыста өткен жылдың тамызынан бері 2333 адам пневмониямен ауырған. Ел бойынша пневмониядан қайтыс болғандар саны 646 адамға жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан