ҚОРАМДАҒЫ ОҚИҒА: МАС ЖҮРГІЗУШІ ҚАҚҚАН ЕКІ ОҚУШЫ ҚЫЗ ӘЛІ ЕС-ТҮССІЗ ЖАТЫР

Уақыты: 10.03.2021
Оқылды: 1231
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында мас жүргізуші қаққан екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр. Үшінші қыздың аяғына ота жасалған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков балалардың жағдайын арнайы барып, біліп қайтты. Қазіргі таңда 2012 жылғы екі оқушы әлі ес-түзсіз жатыр.

- Екі науқастың жағдайы өте ауыр. Ес-түссіз жатыр. Олар Шелек ауруханасында ем қабылдауда. Күнделікті Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасынан дәрігерлер келіп, балалардың денсаулығын қарап, қадағалап отыр, - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Ведомство өкілінің мәліметінше, 2011 жылғы үшінші қыз баланың аяғына ота жасалған. Оның жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер 9 жастағы баланы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырған.

Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"