АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 2000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРЫП, АУРУХАНАДА ЖАТЫР

Уақыты: 06.04.2021
Оқылды: 898
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматы облысында коронавирустың расталған 14727 дерегі анықталды. Індеттің таралу деңгейі Алматы облысында салыстырмалы түрде соңғы екі аптада 1,7 пайызға дейін артқан. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы тәулікте коронавирустың 255 жағдайы тіркелді, өсім деңгейі – 1,8 пайыз. Соның ішінде, Талғар ауданында - 48, Еңбекшіқазақ ауданында - 37, Талдықорған қаласында - 35, Панфилов ауданында - 27, Іле ауданында - 22, Қарасай, Көксу аудандарында – 20-дан, Балқаш ауданында - 18, Ұйғыр ауданында - 10, Жамбыл ауданында - 7, Қаратал ауданында - 5, Ескелді ауданында - 3, Алакөл ауданында - 2, Кеген ауданында - 1. Олармен барлығы 642 адамның байланыста болғаны анықталды, бәрі де үй карантинінде және медициналық бақылауда.

Өткен жылдың 1 тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 2760 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 8 жағдай: Еңбекшіқазақ ауданында – 7, Талдықорған қаласында – 1. Байланыста 17 адам болғаны анықталды, олардың бәрі медбақылауға алынған, үй карантинінде жатыр.

Алматы облысының ауруханаларында 1936 адам ем алуда, оның 25-і – ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 147 адам түскен. 77 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсек орындардың жүктемесі - 51 пайыз. ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 527 463 адам өткен. Соңғы үш күнде 7881 адам тексерілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан