АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 254 АДАМНАН КОВИД АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 09.04.2021
Оқылды: 1013
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында өткен тәулікте 254 адамнан коронавирус анықталды. Өңір әлі "қызыл аймақта". Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде Қарасай ауданында – 38, Панфилов ауданында – 37, Талдықорған қаласында - 29, Жамбыл ауданында – 28, Еңбекшіқазақ ауданында 22, Ұйғыр ауданында – 21, Іле ауданында - 19, Талғар ауданында – 18, Қаратал мен Көксу аудандарында 10 жағдайдан, Кербұлақ ауданы мен Текелі қаласында 7 жағдайдан, Алакөл және Балқаш аудандарында 3 жағдайдан, Ескелді ауданында 1 жағдай тіркелді.

Ауруханаларда 2120 адам ем қабылдауда, соның 24-нің жағдайы ауыр. Бір тәулікте 287 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 54 пайызға толған. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша 165 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Соңғы 3 күнде 9042 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Науқастармен қарым-қатынаста болған 676 адам анықталды. Барлығы үй карантинінде және медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Осыған байланысты Алматы облысының әкімдігі сақтық шараларын ұстануға шақырады. "Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан бұрынғыдай адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, үйде болып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз. Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды. Екпе – ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады! Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!" - делінген әкімдік хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"