ОБЛЫСТА 52 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР: ІНДЕТ ЖАЙЛЫ СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 22.04.2021
Оқылды: 1149
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында өткен тәулікте 240 адамнан коронавирус анықталды. Сондай-ақ, індетке шалдығып, ауруханада жатқан 52 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 42 жағдай, Талғар ауданында – 30, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Іле және Ұйғыр аудандарында 21 жағдайдан, Қарасай ауданында – 20, Жамбыл ауданында – 18, Текелі қаласында – 16, Панфилов ауданында – 15, Алакөл ауданында – 8, Көксу ауданында – 6, Кербұлақ, Сарқан аудандарында 4 жағдайдан, Ескелді ауданында – 3, Ақсу ауданы мен Қапшағай қаласында 2 жағдайдан тіркелді.

Өңір әлі "сары аймақта". Ауруханаларда 2612 адам ем қабылдауда, соның 52-сінің жағдайы ауыр. Бір тәулікте 273 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 54,5 пайызға толған.

Өткен тәулікте облыс бойынша 348 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Соңғы үш күнде 9970 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 605 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан бұрынғыдай адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, үйде болып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"