БІР КҮНДЕ 310 АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ: КОВИД ТУРАЛЫ СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 11.08.2021
Оқылды: 905
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында соңғы тәулікте 350 адам індет жұқтырды, өсім деңгейі 1,0 пайызды құрады. Вирус жұқтырған 310 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 11, Балқаш ауданында – 8, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Ескелді ауданында – 10, Жамбыл ауданында – 12, Іле ауданында - 23, Қарасай ауданында - 27, Қаратал ауданында - 26, Кербұлақ ауданында – 9, Көксу ауданында – 9, Панфилов ауданында – 20, Сарқан ауданында – 2, Талғар ауданында – 64, Ұйғыр ауданында – 5, Қапшағай қаласында - 6, Талдықорған қаласында – 72, Текелі қаласында - 18 адамнан вирус табылған.

Былтырғы тамыздан бері анықталмаған пневмонияның 5950 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 46, Еңбекшіқазақ (12), Кеген (7) аудандарында, Қапшағай (19), Талдықорған (8) қалаларында анықталды. Олармен 66 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3102 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 59-сы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 310 адам түсті, 339-ы шығарылды. Төсек-орын жүктемесі - 56,4 пайыз.

ПЦР тәсілімен облыста барлығы 831599 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 8537.

Соңғы тәулікте коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1 компонентін 6804 адам, 2 компонентін 7896 адам салғызды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды