АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮГІН 300 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 12.08.2021
Оқылды: 1293
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында бүгін 300 адам вирус жұқтырды. Өсім деңгейі 0,8 пайызды құрады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Алакөл ауданында – 21, Балқаш ауданында – 12, Еңбекшіқазақ ауданында - 24, Ескелді ауданында – 12, Жамбыл ауданында – 21, Іле ауданында - 31, Қарасай ауданында - 20, Қаратал ауданында - 14, Кербұлақ ауданында – 13, Кеген ауданында – 5, Көксу ауданында – 9, Панфилов ауданында – 25, Райымбек ауданында – 2, Сарқан ауданында – 7, Талғар ауданында – 37, Ұйғыр ауданында – 11, Қапшағай қаласында - 5, Талдықорған қаласында – 19, Текелі қаласында - 12.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 5999 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 49, Еңбекшіқазақ (11), Кеген (2) аудандарында, Қапшағай (36) қаласында анықталды. Олармен 54 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3161 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 57-сі жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 355 адам түсті, 296-сы шығарылды. Төсек-орын саны – 5500, жүктеме - 57,4 пайыз. Ал ПЦР тәсілімен 836 мың 258 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 10 мың 824.

Соңғы тәулікте коронавирус індетіне қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6365 адам, екінші компонентін 6961 адам салғызды. Жалпы, Алматы облысында 601 мың 084 адам алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"