БІР ТӘУЛІКТЕ 41 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ: ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 13.08.2021
Оқылды: 1023
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінгі, яғни, 13 тамыздағы жағдай бойынша Алматы облысында тағы да 300 адамнан індет анықталды. Оның ішінде, 41-і бала. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Былтырғы наурыздан бері есептесек, облыста 36 123 тұрғын коронавируспен ауырған. Оның ішінде 24 477 адамда симптомдық белгі байқалды. КВИ-дің өсу қарқыны соңғы екі апталық салыстыру кезінде бір деңгейде қалып отыр - 0,9 пайыз. Бүгін ковид жұқтырғандардың 262-сі симптомдық, 38 симптомсыз жағдай.

КВИ анықталған 300 жағдайдың 41-і 14 жасқа дейінгі балалар. Оның ішінде, оқушылар арасында 24 жағдай, студенттер арасында 1 жағдай тіркелді.

Аудандар бойынша тарқатып айтсақ, Ақсуда 2, Алакөлде 17, Балқашта 10, Еңбекшіқазақта 27, Ескелдіде 13, Жамбылда 12, Іледе 35, Қарасайда 10, Қараталда 9, Кербұлақта 10, Кегенде 5, Көксуда 6, Панфиловта 9, Сарқанда 2, Талғарда 24, Ұйғырда 10, Қапшағайда 5, Талдықорғанда 83, Текеліде 11 адам індет жұқтырған.

Былтырдан бері барлығы облыста 29 051 пациент емделіп шықты. Соңғы тәулікте стационардан 59 пациент үйіне қайтарылды, үй оқшаулауынан 47 адам алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"