КОВИДПЕН АУЫРҒАНДАР ТАЛҒАР МЕН ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨП: БҮГІНГІ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 14.08.2021
Оқылды: 1246
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 350 адам індеттің ілмегіне ілікті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талғар ауданында - 49, Талдықорғанда - 41, Еңбекшіқазақ ауданында - 35, Іле ауданында - 32, Панфилов ауданында - 30, Қарасай ауданында - 21, Сарқан ауданында - 19, Жамбыл ауданында - 18, Қаратал ауданында - 16, Кербұлақ ауданында - 15, Алакөл және Балқаш аудандарында - 14, Ескелді ауданында - 13, Ұйғыр ауданында - 11, Көксу ауданында - 9, Қапшағай және Текелі қалаларында - 6, Кеген ауданында - 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, кеше 228 адам жазылып шықты. Алматы облысы әлі "қызыл аймақта".

Өткен тәулікте Талғар ауданы мен Талдықорған қаласында коронавирус көп тіркелді.

Бүгінгі мәлімет бойынша Алматы облысында 3118 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 60-ы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 341 адам түсті. Төсек-орындар саны - 5500. Толымдылық - 56,6 пайыз.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 611 954. Соның ішінде, өткен тәулікте екпе алғандар саны – 5342. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 476 063. Соның ішінде, кеше алғандар саны – 5763.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"