АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ 19 БАЛАДАН ВИРУС ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 16.08.2021
Оқылды: 878
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында соңғы тәулікте мектеп жасындағы 19 баладан «COVID-19» анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жетісуда эпидахуал оңалар емес. Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Кеген, Панфилов, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында індеттің таралу деңгейі әлі де жоғары болып отыр.

Облыста соңғы тәулікте 370 адам вирус жұқтырған. Оның 36-сы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Сондай-ақ, 19 мектеп оқушысының ковид жұқтырғаны расталды.

Инфекциялық аруханада 617 адам ем қабылдауда. Аурухана толымдылығы - 44,1 пайыз. Айта кетейік, аймақта 618 034 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 482 437 тұрғын екінші дозаны салдырып үлгерген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан