АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮГІН 49 БАЛАДАН ҚАУІПТІ ІНДЕТ БЕЛГІЛЕРІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 16.09.2021
Оқылды: 972
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгін Алматы облысында 278 адамнан вирус анықталды. Оның ішінде, 49-ы 14 жасқа дейінгі бала. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

«278 адамның 239-нда індеттің симптомы бар. Ал 39-нда симптомсыз жағдай. Аудан-қалалар арасындағы коронавирус көрсеткіші мынадай: Ақсу - 8, Алакөл - 17, Балқаш - 4, Еңбекшіқазақ - 27, Ескелді – 10, Жамбыл – 11, Іле - 24, Қарасай - 9, Қаратал - 4, Кеген - 1, Кербұлақ - 8, Көксу - 5, Райымбек - 1, Панфилов – 10, Сарқан - 10, Талғар – 28, Ұйғыр – 9, Талдықорған қаласы – 74, Текелі - 16, Қапшағай - 2», - делінген Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті хабарламасында. Жалпы, індет басталғалы Алматы облысында коронавируспен 47 818 адам ауырған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"