АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН ОҚУШЫЛАР САНЫ 700-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

Уақыты: 21.09.2021
Оқылды: 1189
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында дәстүрлі оффлайн форматта сабақ басталғалы бері 675 оқушыдан індет анықталды. 422 сынып карантинге жабылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

«2021 жылдың 1-20 қыркүйек аралығында Алматы облысы бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың 675 жағдайы тіркелді. Облыстың 190 мектебінің 422 сыныбына карантин енгізу туралы қаулы шығарылды және 6281 оқушы қашықтан оқыту нысанына ауыстырылды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Ал мұғалімдер арасында 103 коронавирус жағдайы тіркелген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"