Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КЕШЕ 133 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘЛІ "САРЫ АЙМАҚТА"

Уақыты: 04.10.2021
Оқылды: 688
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Кеше Алматы облысында 133 адам індет жұқтырғаны белгілі болды.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 34 жағдай, Талғар ауданында – 28, Алакөл және Еңбекшіқазақ ауданында 13 жағдайдан, Ескелді және Жамбыл аудандарында 7 жағдайдан, Панфилов, Сарқан және Ұйғыр аудандарында 5 жағдайдан, Іле, Қарасай және Қаратал аудандарында 4 жағдайдан, Текелі қаласында – 3, Райымбек ауданында 1 жағдай тіркелді.

Облыста кеше 317 адам індеттен емделіп шықты. Облыс әлі "сары аймақта". Өңірде 1393 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 89 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орын саны 2840. Төсек-орын жүктемесі – 49 пайыз.

Соңғы үш күнде 8661 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 760 023. Ал 2-ші компонентін алғандар саны – 668 522.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"