Алматы облысында Pfizer екпесін қабылдаған жасөспірімдер саны 537-ге жетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.
11 қарашада облысқа 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдерге, жасөспірімдер мен босанғаннан кейінгі 42-нші күнінен бастап бала емізетін аналар үшін 46 800 доза мөлшерінде Комирнати (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы әкелінгені белгілі. Келген вакцина 15 қарашада облыстың қалалары мен аудандарына жіберілді.
Алматы облысында 225 810 адам Комирнати (Pfizer) вакцинациясын салатындар санатына жатады. Оның ішінде 12-17 жастағы балалар - 147 000, жүкті әйелдер - 34 510 (жүктілік мерзімі 16-37 апта), лактация кезеңіндегі әйелдер (бала туған сәттен бастап 42-нші күннен кейін) - 44 300.
Бүгінгі таңда 537 жасөспірім вакцинаның бірінші компонентін алды, оның ішінде, 66-сы 12-13 жас, 132-сі 14-15 жас, 339-ы 16-17 жас аралығындағылар. Сондай-ақ ересек контингенттен 105 адам бар. Олар лактация және жүктілік кезеңіндегі әйелдер.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"