АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМДЕР ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

Уақыты: 25.11.2021
Оқылды: 1346
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгін Алматы облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдерді үйіне шығарды. 26 жастағы Ардагүл Әскербек Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиля есімді үшемді 25 қазан күні дүниеге әкелген болатын.

Үш қыздың анасы Ардагүл Әскербек Алматы облысы, Көксу ауданының тұрғыны. Үшемнің анасы 25 қазаннан бастап облыстық перинаталды орталық   дәрігерлерінің бақылауында болды. Облыстық перинаталды орталықтың директоры Қанат Қалиханұлы:

- Қазір үшемдердің анасы мен балалардың денсаулығы жақсы. Жүктіліктің 31 аптасында кесіртілігін жасау арқылы үш қыз, яғни, 25 қазан күні (1900,0 гр. бойы 41 см, 1800,0 гр, бойы 44 см, 1700,0 гр, бойы 45 см) дүниеге келді. Бұл жағдайды денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды, - деді.

Бекетовтар отбасында Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиляны екі ағасы мен әпкесі күтіп алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"