ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАРЫ ЕКІЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ОРНАТТЫ

Уақыты: 05.12.2021
Оқылды: 1132
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Түркия астанасы Анкарада Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының III кезекті Конгресі өтті.

Түркия ŐZ SAĞLIK IS кәсіподағының (бұдан әрі ŐZ SAĞLIK IS) президенті Девлет Серттің шақыруымен Нұр-Сұлтандағы Орталық Кеңестің мүшелері Асан Шалтабаев және Жанна Сайым «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы (бұдан әрі «AQNİET») төрағасы Бақытжан Тәжібайдың тапсырмасымен айтылған шараға белсенді түрде қатысты.

Конгресте 14 елдің өкілдері ŐZ SAĞLIK IS президенті Д.Сертпен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұл шараның басты мақсаты - тәуелсіз кәсіподақ қозғалысы, кәсіподақ құқықтар мен бостандығы, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұзақ мерзімді, өз ара тиімді қатынастар орнату.

Конгресс конструктивті атмосферада өтті. Бұл игі іс келешектегі міндеттерді айқындайтынына, соңдай-ақ, ортақ мақсат - жұмыскерлердің, оның ішінде бауырлас елдердің кәсіподақтары арасында еңбек құқықтарын, мүдделерін қорғау мақсатында достық және халықаралық байланыстарды нығайтатынына сенім мол.

ÖZ SAĞLIK İS-тің AQNİET-ті шақыруының өзі кәсіподақтың шынайы, әділетті, мақсаты айқын ұйым екендігінің тағы бір дәлелі. Болашақта да осындай халықаралық кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыс жасай отырып жұмыс одан әрі жанданбақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 12 қарашасында Стамбул қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ыңтымақтастық Кеңесінің VIII Саммитіне қатысып, көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайту перспективаларын қарастырғанын есепке алсақ, діні бір, бағыты бір бауырлас түрік еліндегі іс-шаралар толығымен айтқанда еліміздің, қарапайым қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарта түспек.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"