Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТҮРЛЕНГЕН ОМИКРОН ШТАМЫ ШАШ АРҚЫЛЫ ТАРАЙ МА? ДӘРІГЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Уақыты: 17.01.2022
Оқылды: 709
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Әлеуметтік желілерде омикрон штамы шаш арқылы тарайды екен деген ақпарат тарады. Алматы облыстық "Жетісу" газеті ел ішінде тараған мәліметтің анық-қанығын білу үшін вирусолог дәрігердің жауабын жариялап отыр.

"Құрметті туған-туыстар! Жаңа дәрігерлер палатаға келіп, ескертіп кетті. Далада мүлдем жалаңбас жүрмеңдер. Бір минутқа жалаңбас жүруге болмайды. Омикрон штамы шашқа жабысып жатыр екен. Шашпен таралып жатыр деді. Сондықтан далаға жалаңбас шықпаңыздар", - делінген желідегі аудиожазбада.

Осыған орай коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігер Ақмаржан Ерболатқызы: "Қазіргі таңда коронавирус індеті күрт күшейіп, сырқаттар саны көбейіп жатқаны рас. Соңғы бес күнде ауруханамызда пациенттер өте көп. Бірақ омикрон штамы шашпен жұғады деген сөз шындыққа сәйкес келмейді", - деп жауап берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"