АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ РЕТ ЕКПЕ АЛҒАНДАР САНЫ 88 МЫҢНАН АСТЫ

Уақыты: 19.01.2022
Оқылды: 1200
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмысы жалғасуда.

Бүгінгі күні аймақ бойынша 318 вакцинация пункті және 76 жылжымалы пункт жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыс тұрғындары ревакцинация курсына белсенді қатысуда. Мысалы, 88 722 адам толық иммундау курсынан өткен, олардың арасында Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері де бар. Ұжымның 75%-ы өздерінің иммунитетін толық нығайтты.

Бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 912 274 адамға жетті, бұл 76%-ды құрайды, екінші компонентті 851 309 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 71%-ы алды.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцинацияны таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), "QazCovid-in", "Sinopharm VeroCell" және Comirnaty (Pfizer) жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ, 60 жастан асқан адамдарға арналған. Сонымен қатар, Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмысы белсенді жүргізілуде. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда Комирнатимен вакцинацияланған халық саны 57 287 адамды құрайды, оның ішінде, 44 657 жасөспірім, 3316 жүкті әйел және лактация кезеңінде 8793 әйел бар.

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"