АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТ КҮШЕЙДІ. ЖАҢА ШТАМҒА ДӘРІГЕРЛЕР ДАЙЫН БА?

Уақыты: 19.01.2022
Оқылды: 1242
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Журналистер үйінде Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіровпен баспасөз конференциясы өтті. Онда облыстағы коронавирустық инфекцияның таралу қаупі, алдын алу шаралары жайлы сөз болды.

Арман Серікұлының айтуынша, Алматы облысында барлығы 59 992 адам коронавирус инфекциясы бойынша тіркелген, оның ішінде 45 154 КВИ белгілері бар, 57 605 адам емделіп шыққан. Медициналық қызметкерлердің бақылауында 2856 адам бар, оның ішінде стационарлық емдеуде – 766 адам. Бір тәулік ішінде ауруханаға 92 адам түсіп, 22 адам сауығып шыққан. "Коронавируспен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде, екінші толқынға дайындыққа 8,8 млрд.теңге бағытталды", – деді спикер.

Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты,606 өкпені жасанды желдететін аппарат жұмыс істейді. Оттегі стансыларымен облыстың 17 ауруханасы қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн. теңге бөлінген. Сондай-ақ,  оттегі концентраторларының саны 1350 данаға дейін жеткізілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 30 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен (172 төсек) жабдықталып, диагностика және емдеу хаттамалары сақталуда.

Жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізіліп, Хай Фу аппаратымен емдеу жақсы нәтиже беруде. Жалпы, медициналық жабдықпен қамтамасыз ету 79%-дан 91%-ға дейін артты. 180 "Жедел жәрдем" машинасы, сондай-ақ 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды (барлығы 17 ЖМК бар). Бригадалар саны 206-ға дейін артты. 200 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Ауыр науқастар мен балаларға арналған көп бейінді ауруханалар базасында 4 ахуалдық орталық құрылды.

Коронавирустық пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін жаңа цифрлық жүйе енгізілді. Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдарының айлық қоры бар. Облыста 1,3 млрд.теңгеге тұрақтандыру қоры құрылды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 51 атауы "INKAR" ЖШС қоймаларында таратылды.

Амбулаториялық және стационарлық деңгейде 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер және 2604 орта және кіші медицина персоналы тартылды.

Облыста 18 зертхана жұмыс істейді, жалпы қуаты 9 мың зертханалық зерттеулерді құрайды. 17.01.2022 ж.ПТР әдісімен 1221980 адам зертханалық тексеруден өтті, оның ішінде медициналық қызметкерлер 16 543. Облыста коронавирустық инфекцияларға қарсы вакциналау жүргізу үшін 318 егу пункті, 76 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен тартылған.

Бүгінгі күні вакцинаны сақтауға арналған 160 мұздатқыш камера бар, оның ішінде 7 ультра төмен температуралық мұздатқыштар, 272 белсенді термоконтейнерлер (АВТО мұздатқыштар).

Облысқа I компонент вакцинасының 1 213 475 дозасы және ІІ компонент 1 193 475 дозасы, оның ішінде 380 250 доза Комирнати вакцинасы жеткізілді. 910 214 адам I компонентпен егілді, 849 638 адам вакцинацияны екі компонентпен аяқтады. Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жалғасуда. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста бірінші компонентпен 961 478 адам егілді, оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 41 685, жүкті әйелдер – 3102 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 8237. Екінші компонентпен 868 084 адам егілді, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 15 538, жүкті әйелдер – 1204 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 2985.   Сондай-ақ, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап облыста ревакцинация курсы басталды. Бүгінгі таңда 82132 адам қайта вакциналанды, оның ішінде медицина қызметкерлер – 7585, мемлекеттік қызметшілер – 1915, педагогтар – 7734, созылмалы аурулары бар адамдар – 800, қалғандары – 64 098.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцинацияны таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), "QazCovid-in", "Sinopharm VeroCell" және Comirnaty (Pfizer).

Инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы – вакцинацияның аяқталған курсы және COVID-19-ға қарсы уақытылы ревакцинация. Баспасөз конференциясында жұқпаның "омикрон" деп аталатын түрінің ерекшелігі, одан қорғану, емдеу тәсілдері жайлы да айтылды. Денсаулық сақтаушылардың айтуынша, жұқпа жеңіл өтеді, емдеу тәсілі бұрынғыдай. Сақтық шараларын қатаң сақтап, бетперде кию ережесін қатаң сақтау керек.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы