АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 3508 ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Уақыты: 23.01.2022
Оқылды: 1062
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмысы белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі таңда осы санатта вакцина алғандар саны 62 252 адамды құрайды. Оның ішінде, 47 830 жасөспірім, 3508 жүкті әйел, лактация кезеңіндегі 9308 ана және 60 жастан асқан 937 адам бар. Вакцинаның екінші компонентін 27 438 азамат алды, оның ішінде 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер - 21 810, жүкті әйелдер - 1501, бала емізетін аналар - 4127. Сондай-ақ, Алматы облысында 102 284 адам ревакцинация курсынан өтті.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары вирусқа қарсы төрт препараттан вакцина таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), "QazCovid-in", "Sinopharm VeroCell" және жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ, 60 жастан асқандарға арналған Comirnaty (Pfizer) екпелері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"