Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕКІ АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР БҰЗЫЛҒАН

Уақыты: 24.01.2022
Оқылды: 680
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының мониторингтік топтары санитарлық талаптардың орындалуын тексеру бойынша рейдтерді жалғастыруда.

Халықтың санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауын бақылау мақсатында Алматы облысы бойынша жергілікті әкімшілік тарапынан эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау бойынша 267 мониторингтік топ құрылғаны белгілі.

Жыл басынан бері мониторингтік топтар 850 рейд жүргізді, 3567 нысанды тексерді. Еңбекшіқазақ және Кербұлақ аудандарында 3 заңбұзушылық анықталды. Жеке кәсіпкерлерге жалпы сомасы 704 490 теңгеге хаттама толтырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"