БҮГІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАНДАР ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Уақыты: 10.03.2022
Оқылды: 2464
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында бүгін коронавируспен ауырғандар тіркелген жоқ. Облыс "жасыл аймақта" тұр. Бұл туралы Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

"Бүгін Алматы облысында COVID-19 жағдайы - 0", - деп мәлімдеді аталған департаменттің баспасөз қызметі. Облыста қазіргі таңда вакцина алғандардың саны өскен.

"2022 жылдың 10 наурыз күні Алматы облысында 1 007 275 (84%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 912 291 (76%) тұрғын егілді. "Комирнати" (Пфайзер) вакцинасының бірінші компонентін 96024 жасөспірім, 4180 жүкті әйел және 15874 лактация кезіндегі ана алды. Вакцинаның екінші компонентін 67518 жасөспірім, 3081 жүкті әйел және 11257 лактация кезіндегі ана салдырды. Облыста 236 639 адам ревакцинация курсынан өтті", - делінген департамент хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"