ҒИМАРАТТАРДА БЕТПЕРДЕ ТАҒУ МІНДЕТТІ. БАС САНИТАРДЫҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ

Уақыты: 18.03.2022
Оқылды: 1523
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда бетперде режимі сақталуы тиіс нысандарға қойылатын талаптар белгіленді.

«Қаулыға сәйкес, мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптар сақталсын», - делінген қаулыда. Ол талаптар мынадай:

1.Жұмыс орындарын және келушілер үшін бөлмелерін тұрақты желдетіп отыру қажет.

2.Объектінің үй-жайларына бетпердесіз кіруге жол берілмейді, ғимаратқа келушілердің 5 жасқа дейінгі балалардан басқаларының бәрі міндетті түрде бетперде тағуы керек.

3.Кіреберісте, холда, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

4.Органның (ұйымның) әкімшілігі: 1)санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 2)жұмыс күні ішінде бетперделерді оларды уақытылы ауыстыру шартымен пайдалануды; 3)антисептиктермен жұмыс орындарын; 4)қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді.

5.Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады.

6.Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен желдету жүргізіледі.

7.Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

8.Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.

9.Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.

10.Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық бетпердені пайдалана отырып жүргізеді.

11.Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"