МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ ӘЛЕМНІҢ 24 ЕЛІНЕ ТАРАП ҮЛГЕРДІ. ІНДЕТ НЕДЕН ЖҰҒАДЫ?

Уақыты: 31.05.2022
Оқылды: 1144
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының эпидемиологтары маймыл шешегі әлемнің 24 еліне тарап үлгергенін мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлемде маймыл шешегі ауруының 402 жағдайы тіркелген. Әлемнің 24 елінде инфекция жұқтырудың 120 болжамды дерегі расталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірқатар мемлекетте бұл аурудың бір уақытта кенеттен пайда болуы мүмкін екенін анықтады. Сондай-ақ, белгілі бір уақыт ішінде вирустың анықталмаған берілу жолдары бар екені дәлелденген. Індетке шалдыққандардың басым бөлігі бір жыныстылар (әсіресе, ерлер) арасында тіркелген.

Маймыл шешегі 13 мамырдан бастап әлем елдеріне кеңінен тарала бастады. Соңғы уақытта Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, Біріккен Араб Әмірліктерінде бірнеше адам жұқтырған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"