Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Уақыты: 17.06.2022
Оқылды: 1804
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қаратал ауданына «Тхонъиль Нанум» Орталық Азия академиясының директоры Ли Дже Ван жұмыс сапарымен келді.

Аудан басшылығымен кездесу барысында Қаратал ауданына «Hyundai General Hospital» клиникасынан (Оңтүстік Корея) ерікті дәрігерлердің тегін медициналық көмек бағдарламасымен келу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Сонымен қатар, аудан басшысы Ерлан Исабеков пен Ли Дже Ван мырза медициналық қызмет көрсету, тамақтану және қонақтардың орналасатын орындарын аралап, қарап шықты.
Аталған іс-шараларды ағымдағы жылдың тамыз айының басында өткізу жоспарлануда. Тегін медициналық көмек бағдарламасымен келу жайындағы толық ақпарат алдағы уақытта, дәрігерлердің келер алдында әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Ришад Тұрғанбай
Жетісу облысы