КЕСЕЛДІ АППАРАТ АНЫҚТАЙДЫ

Уақыты: 08.07.2022
Оқылды: 1209
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорғандық кардиолог-дәрігерлер электрофизиологиялық зерттеу жүйесінің көмегімен алғаш рет  жүрекке ота жасады.

Облыстық кардиология орталығына қажетті қондырғыны  медицина саласындағы отандық компанияның бірі  тарту етті. Заманауи “COLUMBUS” медициналық аппаратымен жұмыс істеуді Түркиядан келген профессор Осман Джан Юнтар үйретіп жатыр. Іс жүзіндегі шеберлік сабағы аясында 6 адамның жүрек қағысы қалпына келтірілді.  
Облыстық кардиология орталығының директоры Нұрсан Сейітұлының айтуынша, бұл отадан кейін сырқат бірден үйіне қайта беруіне болады. Ота жеңіл өтеді. Компьютерлік құрылғы жүрек картасын көрсетіп, ырғақтың  бұзылуына ықпал ететін тұсын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Кеселдің қай жерде тұрғанын аппарат анықтайды.  Жүрек-қан тамырына бұрынғыдай катетер жіберілмейді. Біздегі сала мамандары жақында Анадолы еліне барып біліктілігін арттырып қайтқан еді. Енді сол тәжірибесі мен білім-білігін отандастарымызды емдеуге жұмсайды.

Г. МҰҚАШҚЫЗЫ