Оқи отырыңыз
Талдықорған қаласының 63 тұрғынынан COVID-19 анықталды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді.
Пандемия басталғаннан бері және 2022 жылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша Жетісу облысында КВИ-дің 37 802 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны 0,3% деңгейінде тұр. Соңғы аптада облыста 658 жағдай, соңғы тәулікте COVID-19-дың 100 жағдайы тіркеліп отыр.
Облыс бойынша сырқаттанушылық Талдықорған қаласында – 63, Қаратал ауданында – 6, Ескелді ауданында – 4, Алакөл – 3, Панфилов ауданында – 8, Көксу ауданында – 11, Сарқанда - 5 жағдай тіркелді.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"