СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ? АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Уақыты: 21.10.2022
Оқылды: 1453
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында «Розовый октябрь» сүт безі қатерлі дертіне қарсы Ашық есік күні өтті. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ашық есік күні клиниканың бейінді мамандары Алматы қаласы мен облыс тұрғындарын қабылдап, тексеруден өткізді. Дәрігерлер 146 пациентті тексеруден өткізіп, кеңестерін берді. Өкінішке қарай, 2 пациенттен сүт безі қатерлі дертінің белгілері анықталып, толыққанды тексеруге жіберілді.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында «Розовый октябрь» сүт безі қатерлі дертіне қарсы Ашық есік күндерін өткізу алдағы уақытта тағы жалғасады. 22-29 қазан күндері сағат 9:00-13:00 аралығында Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары онкомаммолог және онкогинекологтың тексеруінен өтуіне болады.

Еске сала кетейік, сүт безі қатерлі ісігінің белгілері: көкіректе түйін сезіледі; бір омырау екіншісінен үлкен болып, көлемі өзгереді; төс тығыздалып, белгісіз сұйықтықтың не ірің бөлінуі; тері түсінің өзгеруі (қызарып, солғын тартады); ісік үстіндегі теріде ойықтар мен қабықшалар пайда болады; сүт безіндегі ауырсыну (әсіресе, етеккір келгенде); қолтықтың маңайы тығыздалып, ісік пайда болады; қолда ісік пен ауырсыну білінеді (бір жағында); әлсіздік пайда болады; жүрек айнып, бас айналады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"