Алдағы уақытта дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

Уақыты: 04.04.2023
Оқылды: 1357
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Кезекті Үкімет отрысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары бойынша денсаулық сақтау министрлігінің жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасы дерегіне жүгіне отырып хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ажар Ғинияттың сөзінше, ұлттық жоба шеңберінде ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

"Ұлттық жоба шеңберінде: 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді", - деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша,  медицина мамандығының беделін арттыру шеңберінде бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда: 

▪️ 2023 жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу.
▪️ 2023 жылдан бастап резидентураға гранттарды қосымша 70%-ға ұлғайту басталды.
▪️ Медициналық жоғары оқу орындарында білім алушыларға стипендияны жыл сайын 15-20%-ға ұлғайту.
▪️ Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру.

 

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ