Дәрігерлер тегін қызмет көрсетті

Уақыты: 01.06.2016
Оқылды: 1734
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Мемлекет денсау­лыққа жіті көңіл бөлуде. Жа­қында Алматы аймақтық онкологиялық диспан­серінде ардагерлерге тегін дәрігерлік қызмет көрсетілді.Аталған шараның ой­да­ғы­дай өтуі үшін алдын ала ау­дан­дық ем­ха­­наларға хабарланды. Бар­лық тұр­ғын­дарға тиісті ақ­па­рат бе­рілді. Әсі­ре­се, Ұлы Отан соғы­сының арда­гер­ле­рі, Чер­но­быль апатына қа­тыс­қан­дар, Се­мей жеріндегі по­лигонның зар­­­да­бын шеккендер бірінші кезекте тү­ген­­делді. Ауған соғысында бол­ған­дар мен әскери қызмет­кер­лер­дің от­басылары назардан тыс қалған жоқ. Сонымен бірге, жа­сы 65-тен ас­қан қа­рия­лардың да жайлары ес­ке­ріл­ді.Сол күні онкологиялық дис­пан­сер­­дің барлық бөлімдері қауырт жұ­мыс істеді. Онко­хирург, онко­мам­мо­лог, онко­ги­неколог және ульт­ра­ды­быстық зерттеу ап­па­ратында тыным болмады. Тек­серілуге кел­ген­дердің барлығы мұқият қа­рал­ды. Дәрі­гер­лермен емін-еркін сұх­бат­тас­ты. Сұ­рақ­тарына тың­ғы­лықты жауап алды.

– Аурудың алғашқы бел­гі­лері бі­лінген жағдайда дә­рі­гер­лік көмек­ке жүгінудің жөні бө­лек. Әрбір адам осы мүмкіндікті ескеруі керек. Бүгінгі өтіп жат­қан дәрі­герлік шараны со­ған ар­нап отыр­мыз, – дейді Алматы ай­­­мақтық онкологиялық дис­пан­­­сер­дің ди­ректоры Саяхат Ол­жаев.

Саяхат Тауырбекұлының айт­қан әңгі­месінен біз көп жай­ды аң­ғар­дық. Әлем­дегі озық тех­ноло­гия­лармен бір­ге оған қа­тыс­ты зиянды жайлар да белең ала­ды екен. Мәселен, өзі­міз күн­де­лікті тұтынып жүрген қалта те­ле­фоны радиация тара­та­тынын ес­ке­ре бермейміз. Компьютер мен те­ле­дидарға да солай қараймыз. Ал бұл зат­тарды пайдаланудың мөл­ше­рін білу аса маңызды. Тым шектен шы­ғу­ға болмайды. Сөз жоқ, ғылым же­тістіктері керек. Бірақ, обырдан қор­ғанудың жо­лын біліп отыру – ол да бізге аса қажет.

Өркениетті мемлекеттерде дәрі­гер­­лік тексеруден өтуге жұрт ай­рық­ша мән береді. Бұл үрдіс оларда тұ­рақ­ты дағдыға ай­нал­ған. Бізге де сон­дай дәстүрді бе­рік ұстанатын мез­­гіл жеткен сияқ­ты. Десек те, ем­ха­наға дер ке­зінде келіп ақпарат ала­тындар әлі де аз болып жатыр. Ау­ру­ды ас­қынды­рудың арты – өкініш. Көп­шіліктің осы жайды қаперге ұста­ғаны ке­рек-ақ. Саяхат Та­у­ыр­­бекұлы ар­дагерлерге оның жайын жан-жақ­ты түсіндірді.

Қаралуға келгендер көп нәр­сені көңілге түйді. Мәселен, бү­гінгі таңда ау­рудың алдын алған жағ­­дайда обырдың 30 пайызын тоқ­­та­туға бо­лады. Күні ертең бұл көрсеткіш 40 пайыз­ға жетуі мүмкін ғой. Ол үшін дә­­рігерлік тек­серуден уақытылы өтіп тұ­ру­дың пайдасы мол.

Аталған шара жұртшылыққа қа­лай әсер етті? Осындай сұра­қ­тар­ға жауап іздеп, көпшіліктің пікіріне құ­лақ түрген едік.

– Дер кезінде тексерілудің пай­да­­сы болмаса, зияны жоқ. Мен Семей өңі­­рінің тумасымын. Сон­дықтан осын­дай шараның ұйым­дастырылғанын әр­дайым қол­дай­мыз, – дейді Іле ау­да­нынан келген Нәзигүл Нұр­бе­ко­ва апай.

– Бұл – мемлекеттің қам­қор­лы­ғы, қарияларға көрсеткен құр­ме­ті. Ор­та­лықтың дәрігерлеріне дән риза­мын. Өйткені олар өз ісінің нағыз май­тал­ман­дары – дейді Еңбекші­қа­зақ ау­да­ны­ның тұрғыны Еркін Қош­қар­баев ата­мыз.

Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы мұндай иігілікті ша­раны ал­дағы уақытта да жал­ғас­тыра бер­мек. Ардагерлер алғыс айтса, ма­ра­пат­тың үлкені сол емес пе?

Болат Мәжит

Алматы.