ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Уақыты: 21.06.2024
Оқылды: 831
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Адам денсаулығының 70 % тамақтануға байланысты екен. Дұрыс тамақтанбаған жағдайда адам арганизмі бұзылып, денсаулығы нашарлайды. Сонын салдарынан түрлі аурулар мен семіздік пайда болады. Әсіресе «fast food» өнімдерді көп тұтынатынымыз анық.


«Fast food» тез дайын болатын тағам түрі. Оны тек  кішкентай бала ғана емес, үлкен кісілерде сүйіп жейді. Бұл тағамдар түрлі жүрек ауруына, қант диабетіне, асқазан-ішек ауруларына алып келеді. Оның құрамында трансмайлар, консерванттар, хош иістендіргіштер, бояғыштар бар. Мұны бала тұрмақ ересектер де жеуге болмайды. Себебі онын ішіндегі трансмайлар бауырға және жүрекке салмақ салады. Сондай-ақ, тамақты көп тұтыну тағамға деген тәуелділікті артырады. «Fast food» тағамын жиі пайдаланған адам тәттіге құмар болып, артық салмаққа душар болады.

Нутрициолог маман Лаура Сейтбекова бұл тағамдарды зиянды деп айтудан шаршамайды. «Fast food тағамдарын әзірлеу үшін ұзақ мерзімге шыдайтын, құрамында химиялық қоспалары бар фабрикаттар қолданылады. Оған қоса бургер, донердің етін, фриді пісірген кезде бір майға бірнеше рет қуыра береді. Соның кесірінен концерогендер көбейіп, болашақта қатерлі ісіктің пайда болуына алып келеді. Адамның ағзасына шамадан тыс сұйық май түсетін болса, қабыну процессіне дейін жеткізеді. Сондықтан да, ас тұтынар кезде оның сапасы мен қоспасына көп көңіл бөлген жөн», – деді.

Жеңсік ол әрине оңай әрі тез дайындалады. Бірақ оның зиян екенін жоғарыда атап өттік. Мәселен бұл тағам түрлерінің орнына айран, тауық еті, балық, көкөністер, асқабақ, теңіз орамжапырағын пайдаланған жөн. Көкөніс арқылы ағзамызды тек көмірсумен, маймен, дәрумендермен, минералды заттармен ғана емес, мұнымен қатар аминқышқылдарынан бөлініп шығатын ақуызбен қамтамасыз етеміз. Ал жеміс-жейдектің құрамында үлкен мөлшерде микро және макроэлементтер, көптеген дәрумен бар. Алмада С дәрумені бар. Ол ас қорытуға көмектеседі және холестерин деңгейін төмендететін пектин бар. Бұл жемістерде калий көп. Сондықтан олар қан қысымын реттеуге көп ықпал етеді. Сол себепті тез дайын болатын тағамдардан көрі, күнде көкөніс, жеміс-жидек жеп, ұзақ өмір сүруге әрекет еткеніміз жөн.

 

Зарина БЫЖЫБЕК
3-курс студенті