ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА 6000 ҚЫЗ БАЛАНЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Уақыты: 28.08.2024
Оқылды: 1437
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

2024 жылдың 7 айында Жетісу облысында қатерлі ісіктер бойынша диспансерлік есепте 7005 пациент  тұр, оның ішінде жатыр мойны обырымен 569 әйел тіркелген. Аталған ауруды ерте анықтау үшін скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Облыстық көпсалалы клиниканың директоры Умирбаев Мадияр Аманкелдыұлының айтуынша, облыста биылға арналған скринингтен өту жөніндегі нысаналы топқа 25 мыңнан астам әйел жатады. 

-Адам папиллома вирусының алдын алудың дәлелденген және жалғыз әдісі-қыздарды 11 жастан бастап ерте вакцинациялау. АПВ вакцинациясы әлемдегі ұлттық иммундау бағдарламасына енгізілген.

ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың кем дегенде 90% вакцинациялауды ұсынады. Бұл әрекеттер 2045 жылға қарай жатыр мойны обырын 42% - ға азайтып, 2070 жылға 14 млн өлімнің алдын алуы тиіс.

Қазіргі уақытта әлемнің 107-ден астам елі міндетті егу күнтізбесіне АПВ қарсы иммундауды енгізді. ТМД елдерінде Армения, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстанда енгізілген, -деді Мадияр Аманкелдыұлы. 

Қыркүйек айынан бастап жатыр мойны обырының алдын алуға арналған американдық «Гардасил 4» препаратымен 11 жастан бастап қыздарды вакцинациялау басталады. Бұл  екпе жатыр мойны обырын алдын алудың дәлелденген әдісі. Қазіргі уақытта әлемнің 107-ден астам елі міндетті егу күнтізбесіне  ЖМО-ға қарсы иммундауды енгізді. ТМД елдерінде Армения, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстанда енгізілген.