ЖАҢАРТЫЛҒАН НЫСАН КӨП

Уақыты: 29.12.2024
Оқылды: 1358
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау саласында соңғы 3 жылда  98 нысан пайдалануға берілді. Оның 31-і жаңадан салынды. Өңірде  61 блокты-модульді медициналық кешен орнатылып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. Соңғы жылдары блокты-модульді емхананың жылдам және ыңғайлы құрастырылатыны  дәлелденді. 


Айта кету керек, біздің облыс блокты-модульді медициналық кешендерді орнату тәжірибесін алғашқылардың бірі болып кеңінен қолдана бастады. Күзде  Денсаулық сақтау  министрі Ақмарал  Әлназарова Көксу ауданын  аралап,  блокты-модульді емхананың тиімділігін көріп, осындай емхананы  болашақта да көптеп  тұрғызу керектігін айтқан. 

Биыл өңірде  жаңадан 51 медициналық нысан бой көтерді. Оның 25-і жаңа құрылыс, 26  блокты-модульді медициналық емхана.

Келесі жылы тағы 69 медициналық нысанды қолданысқа беру жоспарлануда.  Ғимараттың 44-і жаңадан салынады.   Оның 36-сы  ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту, 18-і блокты-модульді кешен және  7-уі  күрделі жөндеу қабылданған шаралардың нәтижесінде іске қосылады. Облыста жөндеуге жататын 292 денсаулық сақтау нысанының 167-і немесе 57,2 пайызы жаңартылады. 

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ