Жыл сайын 40 мың қазақстандық обыр ауруына шалдығады

Уақыты: 06.02.2025
Оқылды: 477
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Жыл сайын елімізде 40 мыңнан астам адамнан обыр ауруы анықталады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Республикадағы онкологиялық ауруларға диагностикалық және емдік көмек көрсететін жетекші орталық, сондай-ақ онкология кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі клиникалық база – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты осындай мәлімет таратты.

Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 230 мыңнан астам қазақстандық онкоесепке алынған.

Айта кетерлігі, елімізде обырдың ең көп таралған түріне: сүт безі обыры, колоректалді обыр, өкпе обыры, асқазан обыры мен жатыр мойны обыры жатады.

Айта кетейік, Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу кезінде диагностика жасау, емдеу және дәрімен қамтамасыз ету кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне кіреді.

Фото: BAO.KZ-архив