ҚЫЗЫЛШАДАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

Уақыты: 22.02.2019
Оқылды: 1214
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінде жер-жерде қызылша ауруын жұқтырып алып, емделіп жатқандар көп. Мұндай сырқаттың алдын алу мақсатында Қапшағай қалалық ауруханасы, өңірлік санитарлық-эпидемиялық басқармасы, ветеринария, заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімдер, орталық мешіт имамы және шіркеу қызметкерлері ата-аналар мен оқушылар, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиында республика көлемінде аталған аурумен тіркелген азаматтар саны артқан. Олардың ішінде Қапшағай қаласы да тысқары қалған жоқ. Бүгінгі таңда сала мамандарының сөзіне қарағанда, ауруханаға 11 адам келіп түскен. Оның 9-ы осы сырқатпен ауыратыны болжанып, сараптама нәтижесінде екі науқастың анықтамасы расталған. Олардың арасында 14 жасқа дейінгі 5 бала бар. Соның екеуі 2 жасар нәресте, біреуі жасөспірім, қалғаны үлкен кісілер. Сонымен бірге, Шеңгелді округі бойынша бір оқиға тіркеуге алынған.

Қазіргі таңда екпе егуден бас тартатындар жеткілікті. Мәселен, сарапшылардың айтуынша, қаладағы №1 орта мектепте 44 адам дәрігер тексеруінен өткен. Соған орай, оның 23-і екпе салдыруға өздері рұқсатын бермеген. Дәрігерлер қызылшамен ауырған азаматтарға екпе алуды ескертеді. Өйткені, көбінде мұндай ауруға бала кезде шалдығатындықтан ем сол мезгілде жасалады. Ал алмағандар болса, уақыт создырмай оны салдырғаны жөн. Себебі, қызылша ауруын дер кезінде емдемей асқындырып алған жағдайда ол соқырлыққа немесе менингоэнцефиалит дертіне болмаса мүгедектікке, тіпті, өлімге әкелу қаупі бар.

Негізі бұл - ауа арқылы емін-еркін таралатын жұқпалы ауру. Бүгінде қапшағайлық жауапты мамандар адам көп жүретін банк, сауда орындары, базар, оқу орындарында біртіндеп медициналық тексеру жұмыстарын бастап кетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"