ШҮКІР: ЕКІНШІ ҚАБАТТАН ҚҰЛАҒАН БАЛА АУРУХАНАДАН ШЫҚТЫ

Уақыты: 03.06.2019
Оқылды: 1071
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорғанда екінші қабаттың терезесінен құлаған кішкентай Аруна Қуанышқызы ауруханадан шықты. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі хабарлады.

«Бүгін Аруна ауруханадан шықты. Денсаулығында бәрі жақсы», - деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні Талдықорғанда мектеп жанынан ашылған шағын орталықтың екінші қабатынан екі жасқа әлі толмаған бала құлап кеткен еді. Екі күн комада жатқан сәбидің терезеден құлаған сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Ал баланы терезеге өзі апарып шығарған тәрбиеші артынша жұмыстан шеттетілді.

Оқиға қаладағы №19 мектеп-гимназиясында болған. Мектеп директоры Қайрат Сарқытовтың айтуынша, бала  шағын орталыққа екі күн бұрын ғана қабылданған. Ал терезеден құлаған қыздың әкесі сол мектепте - дене тәрбиесінің, ал анасы - бастауыш сыныптың мұғалімдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"