АҚСУ АУДАНЫ: 720 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ БАР

Уақыты: 14.06.2019
Оқылды: 1536
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Ақсу аудандық Мәдениет үйінде медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара өтті. Салтанатты шараға Ақсу ауданының әкімі Есім БАЗАРХАНОВ қатысып, ақ халаттыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін ерекше, маңызды мереке. Өмір жасын ұзартуға орасан зор үлес қосып жүрген білікті де білгір медицина қызметкерлерінің күні. Ақ халаттылардың еңбегі әрдайым елеулі. Биыл аудандық аурухана заманауи жаңа құрылғылармен толықты. Бұл ауданда денсаулық саласының жұмысы жылдан-жылға жанданып келе жатқандығын көрсетеді", - деген аудан басшысы медицина мамандарының отбасына амандық, жұмыстарына табыс тіледі.

Ауданда осы күнге 720 медицина қызметкері еңбек етеді. Солардың қатарында ерен еңбектерімен көзге түскендер аз емес. Бірқатары бүгінгі мерекеде "Медицина саласының үздігі" төсбелгісімен Сондай-ақ, өз ісінің бірқатар үздіктері аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"