ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА: ТЕМЕКІ ТУРАЛЫ ЖАҺАНДЫҚ САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Уақыты: 08.10.2019
Оқылды: 1896
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Құрметті тұрғындар! 2019 жылдың 11 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстан аумағында тұратын барлық ересек адамдарға темекі өнімдерін қолдануға қатысты маңызды сауалнама жүргізілетінін хабарлаймыз.

АЕО (ақпараттық есептеу орталығы) қызметкері үй шаруашылығын (пәтер, үй, жатақхана) ғылыми іріктеу жолымен анықтайды және электронды құрылғы (планшет) көмегімен үйдің (отбасының) бір тұрғынынан темекі өнімдерінің әр түрін пайдалану (пассивті темекі шегу, экономикалық аспектілер, білім және темекіге қатысты) мәселелері бойынша сұрақ қояды. АЕО қызметкерінде өзімен бірге жеке фотосуреті, аты-жөні (бейдж) бар интервьюер куәлігі, АЕО-ның темекіні пайдалану бойынша сұрау туралы ақпараттық хаттарының көшірмелері болады.

Бұл жобаның табысы үшін әрбір таңдалған респонденттің сауалнамаға қатысуы өте маңызды. Сауалнамаға қатысушы ұсынатын ақпарат толық құпия жағдайда сақталады. Жеке ақпарат басқа біреуге, оның ішінде, отбасының басқа мүшелеріне хабарланбайды.

Сауалнама нәтижелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пайдаланылады.

Қосымша ақпаратты 8(7172)552434 телефоны арқылы ала аласыз.

Қатысатындар үшін алғыс айтамыз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды