ТАЛДЫҚОРҒАН: ЖАҢА ЖЫЛДА ЖЕТІ СӘБИ ӨМІР ЕСІГІН АШТЫ

Уақыты: 02.01.2020
Оқылды: 1632
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорғанда Жаңа жылда 7 сәби дүниеге келді.

Бес қыз, екі ұлдың аналарын "Нұр Отан" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаев құттықтады. Сондай-ақ, ол Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың ыстық сәлемін жеткізді.

Аманжол Жазықбаев партияның «Бақытты отбасы» жобасын тілге тиек етіп, қазіргі таңда аналарға жасалып жатқан қамқорлықты атап өтті. Партия өкілі сәбилерге ертеңгі күні ел туын көтеріп жүретін үлгілі азамат болсын деген тілегін білдірді.

"Қазақпараттың" мәліметінше, өткен жылы Алматы облысында 37 мыңнан астам бала дүниеге келген, оның ішінде, Талдықорғанда 6600-ден аса сәби өмір есігін ашқан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"