ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ

Уақыты: 21.02.2020
Оқылды: 1436
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Осы жылдың 17 ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары жаңа Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, ақпанның 20-нан бастап, Қытайдан келген Қазақстан азаматтары ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Одан кейін тағы да 10 күн тұрғылықты мекенжайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болады. Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылып, 14 күн бойы бөлек бөлмеге оқшауланады.

Қазір біздің елдің шегара маңындағы саудагерлері, жүк көлігінің жүргізушілері, қайықшылар Қазақстанға оралуға ниетті. Олар елге қайтып оралғанда, қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуіміз тиіс. Сондықтан, құрметті тұрғындар! Қытай аумағына өтпес бұрын, елге оралғанда денсаулық жағдайыңызға қарамастан, 14 күн ауруханаға жатқызылып, медициналық бақылауда болатыңызды ұмытпаңыз. Ал көліктер міндетті түрде залалсыздандырылады.

Айта кету керек, Алматы облысында індетке қарсы күрес шаралары мықтап қолға алынған. Қытай аумағына жақын Алакөл, Ұйғыр, Панфилов аудандарында короновирустық инфекция анықталған жоқ. Сондықтан, алаңдауға еш себеп жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"