Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ШҰҒЫЛ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕКІ ТҰРҒЫНЫНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 13.03.2020
Оқылды: 1134
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлімдеді. Олар Алматы қаласының ауруханасында жатыр. Бұл туралы "Қазақпарат" тілшісі хабарлады.

Коронавирус табылған Қазақстанның екі азаматы Алматыға Германиядан ұшып келген.

- Үш айдан бері біз коронавирусқа Қазақстанда жол бермеу бойынша көп шараны іске асырған едік. Бірақ өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматында коронавирус инфекциясы табылды. Бүгін біздің Алматыдағы зертханада Қазақстанның екі азаматынан коронавирус расталды. Олар Германиядан келгендер, - деді Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған. Қазір барлық шара бекітілген ереже бойынша жүргізіліп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"