КОРОНАВИРУС: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ИТАЛИЯДАН КЕЛГЕН АЗАМАТ КАРАНТИНГЕ ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

Уақыты: 16.03.2020
Оқылды: 1524
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорған ауруханасының инфекциялық бөліміне Италиядан келген Қазақстан азаматы карантинге жатқызылды. Бұл туралы шұғыл ақпаратты Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы "Facebook" парақшасында мәлімдеді.

Шетелден келген азамат 15 наурыз күні, жексенбіде жатқызылған. Қазіргі таңда Талдықорған қаласында коронавирус оқиғасы тіркеле қалған жағдайда 100 орынды инфекциялық бөлім дайын тұр. Аурухана дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш заттарымен 100 пайыз қамтылған. Қауіпті індетке күдігі бар науқастарды оқшаулау және жатқызу 7 медициналық ұйымның оқытылған фармацевтикалық бөлімдерінде жүзеге асырылады. Талдықорған қаласында коронавирус жұқтырғандармен байланыс орнатқан адамдарға 400 карантиндік төсек дайындалған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"