ӘЛЕМДЕ 20 МЫҢ АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРУҒА КЕЛІСТІ

Уақыты: 23.03.2020
Оқылды: 1148
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Әлемде 20 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін тәжірибеден өтуге келісім берді. Бұл туралы Tengrinews "The Wall Street Journal" басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Еріктілер ұлыбританиялық "hVIVO" тобының зерттеу бағдарламасына тіркеуге жазылды. Қазіргі уақытта әлемде коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина әзірленген жоқ. Осыған байланысты дәрі-дәрмек іздеуде сол топқа жататын вирустар қолданылмақ.

Вирус жұқтырғаннан кейін олар карантинде екі апта жатады. Тәжірибелерге қатысқаны үшін әр адамға 3500 фунт (1 миллион 800 мың теңге) төленеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"