ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСТАН 18 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Уақыты: 29.03.2020
Оқылды: 954
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда 29 наурыз, таңғы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетінен 18 адам жазылып шықты. Оның 13-і елордамызда, 5-уі Алматы қаласында.

Коронавирус жұқтырудың ресми расталған дерегі бойынша науқастардың саны 229 адамға жетті. Қауіпті індетті жұқтырғандар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бөлек, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарында тіркелген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды