ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТАН АДАМ ӨЛІМІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 01.04.2020
Оқылды: 1531
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстан бойынша үшінші адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

"Қазақпарат" таратқан мәліметке сәйкес, 62 жастағы ер адам жақында екі жақты пневмониямен Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда жатқызылған. Бұған дейін ол медициналық көмекке жүгінбеген. Жан сақтау бөлімінде оған белгіленген қауіпсіздік хаттамасына сәйкес барынша көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлердің көмегі науқастың өмірін сақтап қала алмады. Ол таңғы сағат 7-де қайтыс болды. Онымен байланыста болған барлық адамдар анықталды және жабық карантинге орналастырылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"