АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 10-ҒА ЖЕТТІ

Уақыты: 04.04.2020
Оқылды: 885
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Бұл жайында Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сырқат адам 1950 жылы туған, зейнеткер. Ол жақын арада шетелге бармаған. 3 сәуірде дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, Қарасай ауданы, Мерей ауылдық дәрігерлік амбулаториясына медициналық көмекке жүгінген.

Науқас қазір Қарасай аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр. Науқаспен байланыста болған 10 адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 10-ға жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды