КОРОНАВИРУС: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЕКІНШІ АДАМ ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Уақыты: 05.04.2020
Оқылды: 1009
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда 2020 жылдың 5 сәуіріндегі сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 551-ге жетті. Ал емделіп шыққандар 36 адам болды. Өкінішке қарай, кеше Ақмола облысында екінші адам қауіпті індеттен көз жұмды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында да өлім тіркелді. Ел бойынша осы аурудан қайтыс болғандар - 6 адам. Бұл туралы коронавирус мәліметтері жайлы ресми сайтта жарияланды.

Коронавирус дертіне шалдыққандар Нұр-Сұлтан қаласында – 219, Алматы қаласында – 110, Шымкент қаласында – 13 адамға жетті. Ал аймақтардағы жағдай төмендегідей: Ақмола облысы – 20, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 22, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Жамбыл облысы – 28, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 27, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 30, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 25. Қайтыс болған бес адам Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстарының тұрғыны болған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды