КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНА ЖЕКЕ ҚАУЛЫ ШЫҚТЫ

Уақыты: 20.05.2020
Оқылды: 1400
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Мен, Талдықорған қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Әсімқұлов «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасында, оның ішінде Талдықорған қаласында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасы халқының арасында короновирус инфекциясының алдын алу шараларын әрі қарай күшейту туралы» 2020 жылдың 10 мамырдағы №36 Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Карантинді жалғастыру және Талдықорған қаласының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен босаңсыту. Карантиндік іс-шаралардың режимі мен мерзімдері «COVID-19» коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Талдықорған қала және ауыл округтарының әкімдері, Талдықорған қала полиция басқармасы және де Талдықорған қаласының басқа да мүдделі қызметтері қамтамасыз етсін:

Қаланың айналасында орналасқан 4 санитарлық посттың жұмысын күшейту (Алматы тасжолы №1 пост, Талдықорған қаласы Текелі № 2 пост, Үштөбе Талдықорған № 3 пост, Талдықорған Алакөл № 4 пост) аудандар мен қалалар арасында мобильді посттардың болуын полиция, әскери қызметкерлері қатарынан, медицина қызметкерлерімен байланыссыз термометрия жүргізуді. Полиция және әскери қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды.

Постарда іске қосылған қызметтерді жеке гигиенаны сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғаныс құралдарымен (бір реттік бетперде, қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктері және/немесе экрандары)  және азық-түліктермен қамтамасыз етуді.

Барлық тұлғалар мен көліктің басқа өңірлерден қала аумағына кіруіне келесілерді қоспағанда тыйым салу:

үй карантинінде медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе шет мемлекеттерінен қайтып келе жатқан Талдықорған қала тұрғындарын;

жергілікті атқарушы органдармен берілген арнайы рұқсат қағаздары бар адамдар мен көліктер;

жүктерді, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдайтын тұлғалар мен көліктер;

растайтын құжаттар болған жағдайда, Талдықорған қаласы арқылы транзитпен өтетін тұлғалар мен көліктер;

халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар, сондай-ақ, карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдар;

осы қаулының 3-тармағының 4)тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, жеке санаттағы адамдарға жергілікті атқарушы органдар береді. Бұл ретте көрсетілген адамдар келген жері бойынша 14 күнге үй карантиніне жатады.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтаған авиарейстер;

Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін өз жұмысын қайтадан бастаған ұйымдарға бару және келу үшін жұмыс орыны бойынша елді мекенде тіркеуде тұратын және жұмыс орнынан анықтамасы бар адамдар;

Карантин жарияланған өңірлердің/қалалардың аймақтарына медициналық көрсеткіш бойынша келетін және кететін азаматтар және еріп жүретін адамдар 2 адамнан аспауы керек, келесі құжаттар болуы қажет:

"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;

бірінші басшы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және жеделдігін растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру-хат;

Ауданнан / ауданға, қаладан/қалаға кіруге/шығуға келесілерді қоспағанда тыйым салуды:

растайтын құжаттары болған жағдайда, бау-бақша қоғамдарына, саяжай учаскелеріне қоғамдық және жеке көліктермен бағыт алған тұлғалар.

Саяжайшыларға (бағбаншыларға) қонақтарды шақыра отырып, учаскелерде (саяжайларда) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, бетпердені тағу және антисептиктерді пайдалану қажет. COVID-19 тіркелуіне байланысты күшейтілген карантин режимі енгізілген елді мекендер мен объектілерден басқа;

тауарларды жеткізу қызметтерінің жүк көлігі мен тұлғалары тапсырыстың тауарларға ілеспе құжаттар болған кезде (жүкқұжаттар, шарттар, чектер, тапсырыстар парақтары және басқа);

коммуналдық, авариялық қызметтердің (электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтау), қоқыс жинау, байланыс және коммуникациялар, сондай-ақ коммуникация желілерін басқару және телеком операторларды техникалық қолдау, жүктерді (авиа-теміржол және автокөлік) тасымалдау жөніндегі ұйымдардың және өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті мамандандырылған көліктердің жұмыс орнынан анықтамасы болған жағдайдағы қызметкерлері мен көлігін;

шектеу шаралары кезеңінде осы қаулының V бөліміне сәйкес қызметі тоқтатылмайтын объектілер мен қызметтер тізбесіне енгізілген, жұмыс істейтін қызметкерлерді тасымалдайтын ұйымардың көліктері мен тұлғаларын, жеңіл көлікте, автобустарда жолаушыларды жеке отырғызумен қатар салонның толымдылығы отыратын орындардың санынан артық емес;

жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған кезде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың, дәріханалардың жұмысшылары, әскери қызметшілердің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің, ветеринарлық, дезинфекциялық және обаға қарсы қызметтері, коронавирустық инфекцияны (COVID-19)  диагностикалау жөніндегі зертханалары және шектеу шараларын жүргізуге тартылған басқа да ұйымдардың қызметкерлерін;

редакциялық тапсырмасы болған жағдайда, ресми бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін;

мемлекеттік объектілердің және көппәтерлі үйлердің құрылысына тартылған қажетті мамандары және жол, құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін;

мамандандырылған инкассаторлық қызметтердің тұлғалары мен көлігін (тиісті белгілері мен рұқсат беру құжаттары болған жағдайда);

еріп жүретін адамдардың ең көп саны он адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерінің автокөліктерін;

медициналық  көрсетілімдер бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда:

диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;

бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хаты.

мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлікті (шаруа қожалығы, фермер қожалығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы ұсынған жағдайда (еркін үлгідегі анықтама) көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, оның ішінде омарташылық шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге тартылған тұлғалардың көлігін қоспағанда, жеке көліктің облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішінде орын ауыстыруын шектеуді.

қону билеттері болған кезде ұшу мақсатында әуежайларға бағыт алған адамдар мен көлік.

әскерге шақырылатындар, оларды тасымалдайтын адамдар мен көліктер.

Аудандар мен қалалар арасында адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын аудандық, қалалық автовокзалдардың, автостанциялардың қызметін тоқтата тұру.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу.

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салу.

Діни нысандардың қызметіне тыйым салу.

Әкімдік жанындағы мобильды топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізу және эпидемияға қарсы режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуына мониторинг жүргізу.

Әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеру.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 3-қосымшасына сәйкес, қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аула балалар алаңдарын және басқа да объектілерге санитарлық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізу.

Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Банктердің, почта бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету жұмысын алдын ала жазылу бойынша, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында ұйымдастыруды.

Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүріп-тұруына тыйым салуды.

Бетпердесіз барлық жерде, соның ішінде, қоғамдық көлікте болуға тыйым салу.

Медицина қызметкерлерді тұрғындардан, отбасынан оқшаулап,  тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және басқа) тұруын, тамақтануын. Бөлмеге 1 немесе 2 адамнан, бөлек орналастыру.

Медицина қызметкерлерін карантиндік стационарлар мен тұратын жерлерден/ауруханаға тасымалдау үшін көлік бөлуін. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізу.

Халықтың тұратын жерінен 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің масканы кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып еркін шығуына рұқсат беру.

3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің масканы кию және әлеуметтік қашықтықты сақтай халықтың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар) шығуына рұқсат беру.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып аулаларға шығуына рұқсат беру (3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен).

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бекітілген  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып басқа облыс аймақтарына кіруіне / шығуына (авиарейстер) рұқсат беру.

Саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен келуге/кетуге рұқсат беру.

Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізу.

Талдықорған қала әкімі, Талдықорған қаласының полиция басқармасы, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және "Атамекен" ҰКП келесі қызметтердің тоқтатылуын қамтамасыз етсін:

Діни нысандардың;

Ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың,үйірмелердің,интернет және компьютерлік клубтардың, ойын алаңдарының, отбасылық демалыс орындарының және басқа да адамдар көп жиналатын орындардың;

Қазақстан Республикасының өңірлері, аудандар, қалалар, елді мекендер арасында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар, темір жол вокзалдары, автостанциялардың;

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қолданыстағы Қаулыларына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар).

Түнгі клубтар, кальян барлары.

Қоғамдық моншалар, отбасылық моншалар, сауналар, санаторийлер, массаж бөлмелері.

Білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақытын өткізу орындары және басқалар.

Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар ұйымдары.

Ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және басқа).

Барлық меншік нысанындағы спорт нысандары (фитнес, йога, бассейндер, тирлер, атыс орындары және басқа).

Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқа).

Ауданы 2000 ш.м. асатын азық-түлік емес дүкендер, сауда үйлері (орталықтары).

Азық-түлік (ет павильондарынан басқа) және азық-түлік емес (құрылыс базарларынан басқа) базарлар.

Талдықорған қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және "Атамекен" ҰКП күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметке рұқсат беруді қамтамасыз етсін:

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар (объектілер).

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып алдын ала жазылу бойынша қабылдайтын меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар, оның ішінде стоматологиялық ұйымдар.

Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.

Зертханалардың барлық түрлері.

Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.

Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.

Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.

Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық объектілерге, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда объектілеріне қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу).

Арнайы бұқаралық ақпарат құралдары.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №36 Қаулысының 11-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.

Қоғамдық көлікпен адамдарды тасымалдауға арналған қызметтер,  таксидің ресми қызметтері. Мамандандырылған көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған дойбы) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпараты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы тиіс.

Қоғамдық көліктің толымдылығы отыратын орындардың санынан артық болмауы тиіс, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеңіл көліктің толтырылуы үш адамнан (жүргізушіні қоса алғанда) аспауы тиіс.

Санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау талаптарын күшейту. Әрбір рейстен кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс.

Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.

Салттық қызмет көрсету объектілері, зираттар.

Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.

Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ауданы 2000 ш. м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер, оның ішінде автоқосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия, тұрмыстық техника және т.б. сатумен айналысатындар , жұмыс режимін сағат 17: 00-ге дейін уақытша шектеу.

Тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу бойынша қызметтер, жұмыс рұқсаты сағат 17:00-ге дейін.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұзақ және тығыз қатынасты болдырмайтын нысандар, құрылыс дүкендері, саяжай құралдарын тарататын дүкендер, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл дүкендері, зоодүкендер.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж, автосалондар

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және медициналық бетперде киген келушілерді жіберуді қамтамасыз ететін сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс режимін сағат 18:00-ге дейін уақытша шектеу.

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б)жұмыс режимін сағат 17: 00-ге дейін уақытша шектеу.

Ашық ауада көрерменсіз спорттық іс-шаралар мен жаттығулар.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету нысандары: баспаханалық қызмет көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу бойынша сервис, химиялық тазалау, кір жуу орындары және жиналуды, ұзақ, тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын өзге де нысандар.

Туристерді қабылдау және қызмет көрсету құқығынсыз санаторийлерде, балаларды сауықтыру мекемелерінде, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, мұражайларда адамдарды орналастыру және демалу орындарын жазғы туристік маусымға дайындау жөніндегі қызмет.

Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс алгоритмі сақталған аэропорттар, .

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қосымша талаптарды сақтай отырып, жұмыс кезеңі 07:00-19:00 рұқсат етілген қоғамдық көліктер.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып халыққа қызмет көрсету орталығыжұмыс режимін сағат 17:00-ге дейін уақытша шектеу.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырыпекінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, жұмыс режимін сағат 17: 00-ге дейін уақытша шектеу.

Жұмыс режимі 10.00-15.00 рұқсат етілген банктік емес айырбастау пункттері.

Күзет ұйымдары

Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.

Ақпараттық арналар арқылы қызметіне рұқсат етілетін объектілерді хабардар ету, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, ресми веб-ресурстарға қажетті ақпаратты орналастыру.

Талдықорған қала әкімі, құқық қорғау арнайы органдары және де басқа да мүдделі қызметтер қамтамасыз етсін:

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып кеңселердің, мемлекеттік органдардың қызметтері. Бұл үшін қызметкерлердің 50% қашықтан жұмыс жасау формасы (штат кестесі сәйкес 30 қөызметкерден көп болса) сақталады.

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау;

Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, бетін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету).

Көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарын, спорт снарядтарын, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен орындықтарды, банкоматтарды, банктердің терминалдарын, POS-терминалдар алдында қоғамдық көліктің жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу.

Меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылған ұйымдарда жұмыс істейтін барлық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етісін: басшылары, ұйымдастырылған ұжымда жұмыс істейтін

Елдің басқа өңірлерінен, аудандарынан, қалаларынан, облыстың елді мекендерінен іссапарға келген барлық тұлғалардың нәтижесін алғанға дейін CAVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін үй карантинінде оқшаулау. COVID-19 зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдар жұмысқа қайтарылады, оң нәтижесі бар адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.

Талдықорған қаласы аэропорт басшысы қамтамасыз етсін:

1.Шетелге келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде жер үсті жабдығы мен көлігіне қызмет көрсететін жабдықтарды қорытынды дезинфекциялау;

2.Әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялау;

3.Тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялау.

«Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық бетперде қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және басқа), жеке қорғану құралдарымен (халат, медициналық маска, қолғаптар) байланысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етсін.

Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін объектілерге мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:

Жұмысы қашықтан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру;

Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату;

Барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптарды пайдалану;

Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің едендері мен барлық беттерін дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу;

Келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу;

Келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.

Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары осы қаулының қолданылуының барлық уақытында әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруға тиіс және өз қызметін қашықтықтан жалғастыра алады.

ШЖҚ «Қалалық емхана» МКК, ШЖҚ «Қалалық емхана №2» МККқамтамасыз ету:

Клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру үшін 3 күнге дейінгі мерзімге COVID-19-бен ауыратын науқастарды инфекциялық стационарға жатқызуды қамтамасыз етсін. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде (ПТР РНК SARSCoV-2 оң нәтижесі, шағым жоқ, өкпені аспаптық визуализациялау кезінде клиникалық симптомдар және патологиялық өзгерістер жоқ) пациент Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменті эпидемиологының келісімі бойынша емдеуші дәрігердің шешімімен шығарылуға жатады;

Клиникалық хаттамаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдардың үйдегі карантинін және медициналық бақылауды;

Үйде оқшаулау жағдайы болмаған кезде COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұрғын үйдің талаптарға сәйкестігін бағалауды;

Үйде медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;

COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін шетелден келген адамдарды карантиндік стационарға жатқызуды;

СОVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды және шетелден/өңірлерден келген адамдарды әртүрлі карантиндік стационарларға орналастыруды;

Медицина персоналының орнын ауыстыруын болдырмай оларды карантиндік стационарларға бекітуді (COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын және шетелден/өңірлерден келген адамдарға арналған карантиндік стационарлардың медицина персоналын араластыруға жол берілмейді);

Карантиндік стационарлардың медицина персоналының қорғау деңгейі 2 ЖҚҚ-ны пайдалануын;

ҚР ПГГСВ №36 Қаулысының 16-қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық зерттеуді;

COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеруді (ықтимал байланыс) және оларға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді;

Үйде оқшаулау жағдайында 14 күн бойы COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды (жақын байланыс) зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині);

Халыққа профилактикалық егуді жүргізуді қамтамасыз етсін.

Қоғамдық тамақтандыру саласындағы, кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне):

Тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру;

Персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету (бетперделерді 3сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);

Жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі және басқа) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

Кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;

Есіктердің тұтқаларын,  үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, едендерді дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинауды жүргізу және үй-жайларды желдетуді, дәретханаларды, оның ішінде аулаларды жұмыстың әрбір 3 сағат сайын және жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін күшейтілген дезинфекциялық жинауды жүргізу.

Талдықорған қаласының полиция басқармасықамтамасыз етсін:

Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша науқастардың және байланыста болған адамдардың тұратын орындарын қоршап, оқшаулау;

Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда төтенше жағдай кезінде ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дереу шаралар қолдану;

COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа өңірлерден келгендерді санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан мәліметтер беру бойынша іздеу;

Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермей, провизорлық, карантиндік стационарларды және үй карантиніндегі адамдарды күзету.

Талдықорған қала әкімінің орынбасары ішкі саясат басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары:

Үй жағдайында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алуға, жеке алдын алу шараларына және ауру жағдайында мінез-құлық тактикасына баса назар аудара отырып, түсіндіру-ағарту жұмыстарын күшейту;

Халық үшін ресми көздерден шынайы ақпаратты орналастыру (coronavirus2020.kz ескерту. anti-corona.kz және әкімдіктердің ресми сайттары).

Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

Қаулы барлық жеке және заңды тұлғалардың, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті.

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Е.ӘСІМҚҰЛОВ

Талдықорған қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері