КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ ТАҒЫ ҮШ АУДАНДА ЖАҢАДАН ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 24.05.2020
Оқылды: 1583
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирус ауруының тағы 16 жағдайы тіркелді. Бұл жайында Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың 9-ы Талдықорған қаласында, Қаратал ауданы мен Қапшағай қаласында 2-ден, Еңбекшіқазақ, Көксу, Ескелді аудандарында 1-1-ден анықталған.

Науқастанғандардың барлығының сырқаты профилактикалық мақсатта тексеруден өту барысында және жоспарлы түрде ауруханаға жату үшін тексерілген кезінде анықталған.

Індет ошақтарында эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. Олармен қарым-қатынаста болғандар оқшау орналастырылып, КВИ зертханалық тексерулерінен өтуде, эпидемиологиялық зерттеулер жалғасып жатыр. Індет анықталған үй ошақтары мен жұмыс орындары карантинге алынды.

Жалпы, 24 мамыр, сағат 11:00-дегі уақыт бойынша Алматы облысында COVID-19 инфекциясының 278 жағдайы тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"